22 Қараша, 2016

Қостанайда "Махаббат, қызық мол жылдар" сахналанды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kngk І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры көрермендерге Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша қойылған спектакльді ұсынды. Роман желісі сонау соғыстан кейінгі жылдардың оқиғасы болса да, жастық, романтика, махаббат тақырыбы қай уақытта да өзекті. Өйткені ақ пен қараның, адалдық пен арамдықтың, сұлулық пен дөрекіліктің  қайшылығы өмірдің бітіспес күресі. Спектакльде соғыстан аман қайтқан Ербол мен адал да, сұлу, сезімі де өзі секілді мөлдіреген Меңтайдың  арасындағы махаббат арқылы жазушы мәңгі жастықты жырлайды. 1 Спектакльді  Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан енді түлеп ұшқан жас режиссер Дос Мұқаш сахналады.  Меңтайдың ролін Жібек Үсенова, Ерболды Төленді Алғожин сомдады. Спектакльде  театр есігін биыл ғана ашқан жас актерлер ойнады. Олардың барлығы да  кейіпкерлерін шынайы шығаруымен көрермендердің  қошеметіне бөленді. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай