22 Қараша, 2016

Зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер азаяды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Үкімет отырысында «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды. Заң жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында зияткерлік меншік саласындағы ЭЫДҰ стандартының жүйесіне көшу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлеп, заңнаманың зияткерлік меншік саласында жақсартуға бағытталды. Атап айтқанда, тауар белгілері және өнеркәсіптік меншік нысандары, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілердің азаюы. Барлығы 12 заңнамалық актіге 188 өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Сонымен қатар заң жобасындағы зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша зияткерлік меншік саласының нысандарын рәсімдеу мен тіркеу жұмыстары «бір терезе» қағидасы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің кезекті отырысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынған заң жобасында баяндады. Белгілі болғандай, қазір Қазақстанда өтінімдерді және сараптамаларды қабылдау сараптама ұйымдарында, зияткерлік меншік саласының нысандарына құқықты тіркеу Әділет министрлігінде жүргізіледі. Ал мұндай жұмыс ЭЫДҰ елдерінде, атап айтқанда АҚШ, Португалия, Жапония, Швейцария, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея елдерінде бір ведомствода «бір терезе» қағидасы арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, бұл заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Аян Әбдуәли, "Егемен Қазақстан".