22 Қараша, 2016

Тауар белгісі заңсыз қолданылғаны үшін айыппұл салынады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінгі Үкімет отырысында қаралған зияткерлік меншік саласындағы заң жобасында тауар белгісін заңсыз қолданғанына байланысты өтемақы алу үшін құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз етуге арналған нормалар қаралған.

Авторлық құқық туралы Заңда авторлық туындыны заңсыз қолданғанына байланысты құқық бұзушыдан өтемақы алуда автор құқығы қаралған. Спикердің айтуынша, тауар белгісінің иесі мұндай құқыққа ие бола алмайды. Осыған байланысты, Азаматтық кодекске құқық бұзушыдан келтірілген шығынның орнына сот бекіткен 500-10 000 АЕК көлемінде немесе заңсыз тауар белгісі орнатылған тауардың құнынан екі есе өтемақы талап ету жөнінде тауар белгісі иесінің құқығы туралы толықтырулар енгізіледі.

Айта кетейік, «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Аян Әбдуәли,

"Егемен Қазақстан".