22 Қараша, 2016

Елімізде автокөлік өндіру 3 есе төмендеген

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
news1452847122 Қазақстандықтардың нақты табысының азаюы автокөлік өндірісінің төмендеуіне әсер етіп отыр. Бір жылда авто өнеркәсібіндегі өндіріс 29%-ға төмендеген. Осы жылы отандық өндірушілер бар болған 8 мың жеңіл автокөлік жасап шығарған. Мұндай мәліметті finprom.kz агенттігі келтіріп отыр. Көлік өндірісінің азаюы өткен жылдан бастап байқала бастаған. 2015 жылдың 10 айында өндіріс 55%-ға азайған. Соңғы жылдары өндірістің төмен болуына байланысты өндірушілер саны 1 кәсіпорынға қысқарған. Сондай-ақ, жеңіл көлікерді шығару ісі айтарлықтай қысқарған. Осы жылдың 10 айында автокөлік құрастыратын орындар бар болғаны 8 мың көлік шығарған. Ал бұл көрсеткіш осыдан екі жыл бұрын 29 мың болды. 2016 жылы 1,3 мың жүк тасымалдайтын көлік шығарылса, 2014 жылы 2 мың жүк көлігі шығарылған. Өндірістің қысқаруы автокөлікке деген сұраныстың азаюымен байланысты. Сондай-ақ, 2016 жылдың 9 айында Қазақстанға 16 мың шетелдік жеңіл автокөлік келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге аз. Бұдан бөлек, 2015 жылы импорт 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген. 2015 жылы Қазақстанның автокөлік шығарушы ең ірі үш кәсіпорын бюджетке 10 млрд теңге салық төледі. Бұл 2014 жылғы салық төлемімен салыстырғанда 2 есеге аз. Ал 2016 жылғы салық түсімі бар болғаны 4 млрд теңгені құрады. Салықты ең көп төлеген —  «Азия Авто» АҚ (осы жылы шамамен 3 млрд теңге төлеген).