ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ҰБТ жаңа форматын енгізу талапкерлердің ЖОО-ға түсуіне қосымша кедергі туындатпайтынын хабарлады.
«Меніңше, емтихан тапсыруға байланысты ЖОО-ға түсуге ешқандай кедергі жоқ. Бұл жерде барлығы нақты көрсетілген. Керісінше, біз балалардың міндетін жеңілдеттік. 11 жыл бойы мектепте оқығанына байланысты қорытынды аттестацияны бала өз мектебінің қабырғасында тапсырады, билетпен дайындалады. ЖОО-ға түсуге қатысты ешқандай айқай-шу болмауға тиіс. ҰБТ-ның жаңа форматы – кез келген оқушы үшін грант иелену мүмкіндігі, сол себепті барлығына бірдей жағдай жасалады»,-деді Э.Суханбердиева.
2017 жылы түлектердің қорытынды аттестациясын жаңа жүйе бойынша өткізу ұсынылып отырғанын айта кету керек. Жаңа жүйе бойынша, ол мектептегі бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсуге жол ашатын ҰБТ түрінде болады.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰБТ-2017-ні өткізуге әзірлік жұмыстарын қазірден бастау керектігін және оны жоғары деңгейде жүргізу керектігін атап айтты.
Арнұр АСҚАР,
"Егемен Қазақстан".

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше