22 Қараша, 2016

Павлодар облысында 350 жобаға 4,2 млрд теңге бөлінген

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 350 жобаны іске асыру, оның ішінде 345 инфрақұрылымдық нысанның және 5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған. Бұл турады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жөнделетін ғимараттардың 91-і - білім беру, 40 – мәдениет, 34 – денсаулық сақтау нысандарын, 34 – көлік инфрақұрылымын, 23 – әлеуметтік қорғау, 21 – спорт нысандарын, 16 – коммуналдық – инженерлік инфрақұрылымын және 86-сі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиді. Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 2366 адам жұмысқа тұрды, олардың 1243-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар. 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.