22 Қараша, 2016

Қазақстан биыл 63 млн тонна мұнай алды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан биыл 10 айдың ішінде мұнай алу жоспарын 1,4 %-ға артық орындады, деп хабарлайды LS. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 63,8 млн тонна мұнай алынған. Бұл көрсеткішті 2017 жылы 80 млн тоннаға, 2030 жылы 102 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Осы уақыт аралығында өңделген мұнай көлемі 11,9 млн тоннаны құрады. Бұл алға қойылған жоспардан 2,1 пайызға көп.

Сонымен қатар газ алу көлемі де 43,5 тен 44 млрд м3-ке жеткен.

"Халықты газбен қамту осы саланың негізгі мақсаты. Біздің жоспарымыз бойынша, 2030 жылға дейін газбен қамту 56 пайызды құрайтын болады. Қазір ол 43 пайызды құрап отыр. 10 жыл ішінде газбен қамтуға 215 млрд. теңге бөлінді. Республикада 1,2 мың елді мекен газбен қамтылды. 2016-2020 жылдар аралығында 6 облыстың 84 елді мекені газбен қамтылады", - деді Қанат Бозымбаев.