22 Қараша, 2016

Астанада полицейлер қаңғыбастарға көмек көрсетуде

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-bomj

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың туыстық байланыстарын анықтауда, деп хабарлайды astana.gov.kz. Күннің суытуына байланысты учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік қызметінің полицейлері елордадағы жылу құбырлары мен жертөлелерге, сондай-ақ, иесіз қалған саяжайларға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде олар белгілі тұрағы жоқ 50-ден астам адамды анықтап, мұның тең жартысын медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жіберді. Ал қалғандары әлеуметтік бейімдеу нысанына жеткізілді. Сонымен қатар, елордаға жұмыс істеу үшін Теміртау мен Қостанайдан келген екі азаматтың үйлеріне қайтуына көмек көрсетілді. Айта кетейік, мұның бәрі «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасы аясында жүзеге асты.