22 Қараша, 2016

Маңғыстау өңірінен алтын теңгелер табылды

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-zolota

Маңғыстау облысының тұрғыны XII-XIII ғасырға жататын алтын теңгелер көмбесін тапты, деп хабарлайды lada.kz. Ғалым Павел Петровтың айтуынша, бұл қазына Ануштегинид Ала ад-Дин Текеш пен Мұхаммед ибн Текеш хорезмшахтар әулетіне тиесілі болуы мүмкін. Ал археолог Андрей Астафьев бұл ақшаның соғылған орны Маңғышлақ қаласы болуы ықтимал деген болжам жасап отыр. Маңғыстаудың ежелгі қоныстарын зерттеу Азия елдері мен Шығыс Еуропа арасын жалғаған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын зерттеудің басты құраушы ғылыми тақырыбы болып табылады. Алайда, Андрей Астафьевтің айтуынша, бұл тақырыпқа тарихшылар мен археологтар аса мән бере қоймаған. Павел Петровтың сараптамалық қорытындысы бойынша, әлемнің еш музейінде мұндай бір орыннан табылған монеталар кешені жоқ. Аталған кешенді ғалым Қазақстанның ұлттық байлығы деп атады. Текеш ханның билігі тұсында Хорезм Орталық Азияның қуатты мемлекеттерінің бірі болды. Оның шекарасы Арал теңізінен Парсы бұғазына дейін, шығысында Памирден Иран таулы өлкесіне дейін созылды. Текеш билік еткен жылдары Хорезм аумағы екі есе ұлғайған. Одан бөлек, Текеш негізін қалаған кітапхана туралы да мәліметтер сақталған. Текеш хорезмшах қайтыс болған соң, таққа оның кіші ұлы Ала ад-Дин Мұхаммед отырып, Хорезм аумағын одан әрі кеңейтті.