22 Қараша, 2016

BBC Универсиада жарнамасын көрсетуде (видео)

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әлемге танымал BBC World News телеарнасынан 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиада ойындарының жарнамалық ролигі көрсетіле бастады. Бұл туралы BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Өткен аптада BBC World News телеарнасында 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиаданың жарнамалық кампаниясы басталды. Бірнеше ай бойы әзірленген видеоматериалдың ғалам бойынша ең беделді әрі қалталы саналатын BBC World News телеарнасының миллиондаған көрерменінің назарына ұсынылатынына қуаныштымын», - деп жазды ол видеоға берген сипаттамасында. Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада еліміздің оңтүстік астанасында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Жарысқа 50 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.