22 Қараша, 2016

Маңғыстауда облыстық департаментке жаңа басшы тағайындалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-rabiga

Еліміздің Ұлттық экономика министрлiгi Маңғыстау облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнің басшысы болып Рабиға Төлеуқызы Милибаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Милибаева Рабиға Төлеуқызы 1963 жылдың 28 қазанында туған. Еңбек өтілі: 1987-2000 жж. - Павлодар облысының Успенск аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансысының эпидемиолог дәрігері; 2000-2001 жж. - Павлодар облысының Успенск ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері; 2001-2004 жж. - Павлодар облысының Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы; 2004-2005 жж. - Астана қаласының Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің балалар және жасөспірімдер бөлімінің бас маманы; 2005-2013 жж. - Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санэпидқадағалау Комитетінің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; 2013-2014 жж. - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы; 2014-2015 жж. Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы; 2015 ж. - Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Айта кетейік, ол бұған дейін аталған Департамент басшысының орынбасары болды.