22 Қараша, 2016

Қостанайда Ғұмар Ахметчиннің шығармашылық кеші өтті

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11111 Қостанайда сатирик жазушы Ғұмар Ахметчиннің 75 жасқа толуына орай оның шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Жазушыға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтауын жеткізіп, халқымыздың салтымен шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. 44444 Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин аға буын өкілдерінің құттықтауын жеткізді. Ақындар Серікбай Оспанов пен Нағашыбай Мұқатов жазушының шығармаларына тоқталды. Олар Ғұмар ағаны Қостанайдағы қалам ұстағандардың бірнеше толқынына ұстаз деп атады. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  проректоры Алмас Әбсадықов той иесіне білім ордасы ұжымының атынан жылы лебізін арнады. 5555 Ғұмар Ахметчин тек проза ғана жазбайды, өлең ауылына да соғып отырады. Кеште облыстағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрының жас әртістері жазушының сатиралық және лирикалық өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Көрермендер композиторлар Бақытжан Сәуекеновтың, Қалибек Дерпсалдиннің Ғұмар Ахметчиннің сөзіне жазылған әндерін тыңдады. Қалибек «Арқаның аппақ қызы» әнін өзі нақышына келтіре орындады. 22222 Кеш соңында той иесі Ғұмар Ахметчин өз шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар ол Тәуелсіз елімізбен бірге өсіп келе жатқан жастарға өсиет сөздерін де арнады. Кешке келгендер жазушы шығармашылығы бойынша ұйымдастырылған шағын көрмені де тамашалады. 33333 Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай