Республика аумағында ақпараттандыру саласында қылмыстық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сонымен қатар, еркін саудаға тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі-ЖАІШ) өткізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.
ЖАІШ-ді жүргізу барысында 248 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 194 факт бойынша авторлық құқық бұзушылық, 3 факті ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, 1 факті құрылғының IMEI-кодын өзгерту анықталды.
Бұдан басқа ақпараттық технологияны қолдану арқылы 2 ұлық және интернет-тұтынушыға қатысты 6 алаяқтық тіркелген.
Еркін сауда айналымындағы 19,8 мың дана тыйым салынған өнімдер тәркіленді. Оның ішінде 19,5 мың контрафактілік CD-DVD дискілер, 240 лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтама жинақтағыштар, 7 арнайы техникалық құрал және 166 дана басқа контрафактілік өнімдер.
Мәселен, Астана қаласында сауда үйлерінің бірінде контрафактілік аудио-бейне өнімдерді дайындайтын және тарататын цех табылды. Компьютерлік техника, DVD дискілер және USB-жинақтағыштар тәркіленді.
Қарағанды қаласында арнайы техникалық құралдарды тарату фактісі анықталды. Дәлірек айтсақ, жасырын пайдалану үшін аудио-бейне камерасы орнатылған қалам.