22 Қараша, 2016

Жамбылда облыстық соттың CALL орталығы ашылды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-jambul

Облыс соттары мен тұрғындарының арасында өзара байланысының тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облыстық сотында CALL орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байланыс орталығы сот ісін жүргізу мәселелері бойынша тұрғындарды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылды. Орталық телефонына 8 (7262) 999140 жұмыс уақытында хабарласуға болады. Байланыс орталығының арқасында азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері соттардың жұмысы бойынша анықтамалық және сот актілеріне шағымдану тәртібі, істі қарау нәтижесі, істі және сот тыңдауының қайта қарауға өтініш түсірілген күні туралы мәліметтерді біле алады, сондай-ақ басқа да қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Сөйлесуді және кері байланысты орындау жаңашылдық арқылы әкімшілік кедергілердің төмендеуіне жұмыс жасайды, сот органдары қызметінің бақылауын күшейту, халыққа көмек көрсетудің сапасын жоғарылатады. Орталық жұмысының мақсаты - облыстың сот жүйесінің жұмысы жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл ретте, кері байланысу мүмкіндігіне ие болу үшін қоңырау шалушының байланыс нөмірін қалдыру сұралады. Бұл қажет болған жағдайда тұрғынмен байланысуға және ең қысқа мерзімде барлық туындаған сұрақтарды жоюға көмектеседі. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жұмыс уақыты барысында тоқтаусыз Жамбыл облыстық сотының сенім телефоны 8 (7262) 999-182, 999-105 жұмыс жасап тұр.