22 Қараша, 2016

Елбасы Bloomberg News агенттігіне сұхбат берді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161122182700 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипатындағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасындағы үздіктердің бірі болып саналатын Bloomberg News ақпарат агенттігі өкілдерімен әңгімелесті. Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.