22 Қараша, 2016

Әуесқой бокстан кәсіпқойға ауысуды қиындатамыз – Айтжанов

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-boks

Павлодарда өтіп жатқан бокстан ел чемпионаты аясында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов облыстық және қалалық командалардың жаттықтырушыларына семинар өткізді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Семинар барысында бас бапкер әлемдік әуесқой және кәсіби бокс арасындағы бәсекелестіктің артып келе жатқандығын, осыған байланысты АІВА-ның әлеуметтік бағдарламаларына спортшыларды қорғау және қолдау шаралары енгізілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Рио Олимпиадасынан кейін қабылданған төрелік етудің жаңа жүйесін, ұпайларды санау жүйесін түсіндіріп берді. Өз кезегінде М. Айтжанов Олимпиада ойындарынан кейін спортшылармыздың кәсіби боксқа ауысуға құлшыныс танытуы жиілеп кеткендігін де баса айтты. «Біз олардың спорттық мансап жолын дербес таңдау жасауына шектеу қоя алмаймыз. Бірақ, мемлекеттің оларды дайындауға қаншама күш пен қаржы жұмсағандығын қаперден шығармау қажет. Сіздердің міндеттеріңіз  оларға әуесқой бокста мүдделері әр уақытта қорғалатындығын, тіпті үлкен спорттан кетсе де қолдауға ие болатындығын түсіндіру», – деді ол. Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап спортшылардың әуесқойдан кәсіби боксқа тосыннан ауысып кетуіне жол берілмейтінді. Бұл ретте Қазақстан бокс федерациясы арнайы ереже енгізетіндігін айтты. Аталған ережеге сәйкес спортшы кәсіби боксқа ауысу ойын федерацияға ескертуге міндетті және келісім алғаннан кейін ғана кете алады.  
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10