23 Қараша, 2016

Сайлаушы құқықтары сақталады

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында халықаралық байқаушылар үшін «ЕҚЫҰ елдерінде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың электораттық құқықтарын іске асыру жағдайын байқау ерекшеліктері» деген тақырыпта семинар-тренинг өтті. Семинар жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисінің, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының, еліміздің орталық мемлекеттік органдарының, министрліктердің және ведомстволардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов пен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо құттықтау сөз сөйледі. «Бүгінгі біздің семинар-тренингіміз ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде мүмкіндіктері шек­теулі және қарт адамдардың электо­рат­­тық құқықтарының сақталуын байқауға ар­налған, деді Б.Мелдешов құттықтау сөзінде. – ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі жөнін­дегі Мәс­кеу кеңесінің 1991 жылғы 3 қазан­дағы құжа­тының 41-параграфында мүге­дектігі бар адам­дардың адами құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, олардың қоғам өміріне толық қатысуына, мүгедектерге қатысы бар салаларда шешімдер қабылдауға мүмкін­дік беруге және олардың қоғамдық ғимарат­тарға қол жеткізуі үшін қолайлы жағдай­лар жасау міндеттері бекітілген. Біз осы ережені іске асырудың тетіктері, мүгедек­тер мен қарт адамдардың сайлау құқық­тарының сақталуын байқауды ұйымдастырудың әдістері мен нысандары туралы сөз етеміз». Бұдан соң Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Марат Сәрсембаев ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі мүгедектердің электораттық құқықтары жөніндегі заң­дар­дың салыстырмалы-құқықтық талдауының нәтижелерін ұсынды. Семинар аясында, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының кеңесшісі Радивое Груичтің «ЕҚЫҰ елдерінде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың электораттық құқықтарының іске асырылу жағдайын байқаудың ерекшеліктері» атты зерттеуінің тұсаукесері де болды. Шара барысында Молдова Респуб­ли­касындағы мүгедектер мен қарттардың электораттық құқықтарының мәселелеріне байланысты ОСК аппараты халықаралық қаты­­нас­тар бөлімінің меңгерушісі А.Арғы­нов ха­барлама жасады. Ал «Ардагер» қоғам­дық бірлестігінің өкілі Д.Жігітова сайлауға қарт адамдардың қатысуын қамта­ма­сыз ету мәселелері жөнінде қатысушы­лармен ой бөлісті. Сонымен қатар, қатысу­шылар халық­аралық ұйымдардың миссияларының құра­мында сайлауды халық­аралық байқау­дың ерекшеліктерін талқылады және Қазақ­стан өкілдерінің 2016 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құра­мын­да сайлауды бай­қауға қатысу тәжірибесімен танысты. Тренинг соңында 2017 жылы Қазақстан Рес­публикасынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссия­сының құрамында байқаушылардың қатысу тәжірибесін әрі қарай жетілдіру және дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10