23 Қараша, 2016

Қоғамдық көлік қызметкерлері полицейлерге көмектеседі

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда ұрлық туралы түсетін ақпараттармен жылдам алмасу мақсатында "Ұрлық тоқтасын" атты чат ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Чатқа полицейлер, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар кірген. "Алматыда күн сайын 1 миллионға жуық адам қоғамдық көлікпен жүреді. Қалада 99 бағытқа жүретін 1313 автобус бар. 552 қоғамдық маршрут видеокамерамен жабдықталған. Сонымен қатар 160 троллейбус тіркелген. Олардың барлығында видеокамера бар. Бұл қалта ұрыларын ұстауға көп көмек", деп хабарлады Алматы қаласы ІІД басқармасының бастығы Жанболат Зиадин. Бұл чат қазан айында ашылып, өткен аптада жұмыс істей бастаған.
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10