23 Қараша, 2016

Корея прокурорлары Samsung кеңселерін тінтіп жатыр

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Корея прокуратурасы Samsung Group кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Компания саяси дау-дамай ортасында қалған ел президентінің жақын адамы Чхве Сунь Сильмен байланысы бар деп айыпталуда, деп хабарлады Reuters агенттігі. Саяси дау-дамай Чхве Сун Силь Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге ел алдында сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазып береді деген қауесеттерден басталды. Чхве Сун Сильге мемлекеттік іске араласты деген айып тағылып отыр. Samsung компаниясының баспасөз хатшысы кеңселерде тінту жүріп жатқанын растады. Компания өкілі басқа мән-жайды айтпады. Бұған дейін компанияның мемлекеттік істерге «бейпропорционалды ықпал етіп келген» қызметіне тергеу жүргізу шеңберінде Оңтүстік Кореядағы Samsung кеңселеріне тінту жүргізілгені хабарланған еді.  
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10