«Қазпошта» АҚ «Аяз атаға хат жаз» деп аталатын балаларға арналған жаңажылдық акцияны іске қосты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Хаттар 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Барлық алынған хаттар «Қазпошта» АҚ-да жиналып, сұрыпталады. Ал құрамына компанияның қызметкерлері мен серіктестері кіретін арнайы комиссия сыйлықтарды табыстау үшін хаттарды таңдайды. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобына жататын балалардан, жетім және жағдайы төмен отбасылардан шыққан бүлдіршіндерден келген хаттарға сөзсіз басымдылық беріледі», - делінген таратылған хабарламада.
«Өткен жылы біз серіктестерімізбен бірге мыңға жуық сыйлық тараттық және бұл жоба жаңа деңгейге шықты - бізді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдап, балаларға өз атынан сыйлықтар жіберді. Осы жылы отандастарымыздың балаларының тілектері орындалуына көмектескісі келетін министрлер мен ірі компаниялардың басқарма төрағалары да оның жолын жалғастырады деп сенеміз» - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Республиканың барлық өңірінде балаларға сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар костюмін киген компанияның қызметкерлері, серіктестер мен БАҚ өкілдері табыстайтын болады. Сондай-ақ, Аяз атаға хат жазып, мекен жайын көрсеткен барлық балаға «Қазпошта» АҚ Аяз атаның атынан жаңажылдық құттықтау жазылған түрлі-түсті хаттар мен компания атынан естелік сыйлық жіберетін болады.
Аяз атаға хатты облыс орталықтарындағы барлық басты поштамттардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы «Мега» ОСО, Астана қ. «Керуен» ОСО, Павлодар қаласындағы «Батыр Молл» ОСО-дағы арнайы жәшікке салу арқылы жіберуге болады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары өз хаттарын пошта бөлімшесінің операторы арқылы жіберуі қажет, ол хатты Аяз атаға жеткізетін болады.
Осы жылы акцияның серіктестері "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Tengrinews.kz, «Казкоммерцбанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Alina» компаниялар тобы, "НОМАД Иншуранс" СК АҚ, ЖШС «Еврофарма», «Best For Kids» қоғамдық қоры, Ұлттық Волонтерлік желі және басқа да компаниялар.
• 23 Қараша, 2016
«Аяз атаға хат жаз» жаңажылдық акциясы басталды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше