12 Наурыз, 2011

Туған жер – алтын бесік

634 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ел президенттігінен үміткер Жамбыл Ахметбеков өзінің туған жері – Ақмола облысы Қорғал­жын  ауданына арнайы атбасын бұрып, жергілікті сайлаушы­лар­мен кездесу өткізді. Үгіт-насихат тобының құрамында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің мүшелері, президенттіктен үміткердің сенім білдірілген адамдары және журналистер қауымы болды. Қорғал­жын ауда­нына келген олар аудан көшесін қызыл тумен жүріп өтіп, жергілікті халықты президенттікке канди­даттың үгіт-насихат то­бы­ның келгендігінен хабардар етті. Аудан ішінде ұйымдастырыл­ған іс-шара Жамбыл Ахмет­беков­тің туған жері және өскен ортасы – Шалқар ауылында жалғасын тапты. Ауыл тұрғындары өз жерлестерін жылы жүзбен қарсы ал­ды. Мектеп жасындағы балал­ар­дың бар назары ауылдың құрметті қонағында болды. Оларды бірінші кезекте Ж.Ахметбековтің бола­шақтағы жоспарлары мен мақсат-мұраттары қызықтырды. Мәсе­лен, оқушылар «Егер президент болсаңыз, қандай мәселелерді шешер едіңіз?», «Мемлекет басшы­сы болуы үшін ең алдымен не керек?» деген тұрғыда өздерін қы­зықтырған сауалдарды қойды. Яғни, бұл күні аға буын өкілі мен кейінгі толқын арасында әсерлі әңгіме өрбіді. Ал Ж. Ахметбеков өз кезегінде жасөспірімдермен пікірлесу барысында елдің бола­шағы әрқайсымыздың қолымызда екенін, сондықтан, ең бастысы – мемлекеттің бүгінгі жағдайына, Отанымыздың болашағына нем­құрайлы қарамау қажеттігін баса айтып өтті. Үгіт-насихат сапары бары­сын­да президенттіктен үміткер өзі туып-өскен, балалық шағы өткен үйге де атбасын тіреді. Жамбыл Ахметбеков – көп балалы от­басында ержеткен. Әкесі Аужан Жамбыл 7 жаста болғанда дүние­ден өтеді. Сөйтіп, ол жастайынан тіршіліктің ащы дәмін татып өседі. Анасы Күлшайраға отба­сын бір өзі ғана асырау оңайға түспейді. Сондықтан, Жамбыл отбасының үлкен баласы ретінде еңбекке ерте араласады... Бүгінде Күлшайра апа 83 жасқа толып отыр. Батыр ана. Ақ жаулықты әже­нің қасында қазіргі таңда оның қызы, Жамбыл Ахмет­бе­ков­т­ің үлкен әпкесі Сәуле бар екен. Президенттіктен үміткердің үгіт-насихат тобының құрамында сон­дай-ақ, Алматыдан арнайы келген әртістер – «Қара жорға» өнер ұжы­мы болды. Олардың қа­ты­суы­мен Қорғалжын ауылы­ның мә­дениет үйінде концерт ұйым­дастырылды. Концерт бағ­дар­ла­масы кезінде Жамбыл Ах­мет­беков­тің өзі сөз алып, сай­лауалды тұғырнамасының басым бағыт­тарына тоқталып өтті. Аталған іс-шара аясында Қа­зақстан Коммунистік халықтық пар­тиясының хатшысы Владислав Косарев партия шешуге, түйткілін тар­қатуға мүдделілік танытып отыр­ған мәселелерді әңгіме өзегіне айнал­дырды. Кездесу соңында ауыл тұр­ғындары Жамбыл Ахметбековке ел­дің қарапайым жұмысшыларына моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Ақмола облысы.