Ел президенттігінен үміткер Жамбыл Ахметбеков өзінің туған жері – Ақмола облысы Қорғалжын ауданына арнайы атбасын бұрып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді. Үгіт-насихат тобының құрамында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің мүшелері, президенттіктен үміткердің сенім білдірілген адамдары және журналистер қауымы болды. Қорғалжын ауданына келген олар аудан көшесін қызыл тумен жүріп өтіп, жергілікті халықты президенттікке кандидаттың үгіт-насихат тобының келгендігінен хабардар етті.
Аудан ішінде ұйымдастырылған іс-шара Жамбыл Ахметбековтің туған жері және өскен ортасы – Шалқар ауылында жалғасын тапты. Ауыл тұрғындары өз жерлестерін жылы жүзбен қарсы алды. Мектеп жасындағы балалардың бар назары ауылдың құрметті қонағында болды. Оларды бірінші кезекте Ж.Ахметбековтің болашақтағы жоспарлары мен мақсат-мұраттары қызықтырды. Мәселен, оқушылар «Егер президент болсаңыз, қандай мәселелерді шешер едіңіз?», «Мемлекет басшысы болуы үшін ең алдымен не керек?» деген тұрғыда өздерін қызықтырған сауалдарды қойды. Яғни, бұл күні аға буын өкілі мен кейінгі толқын арасында әсерлі әңгіме өрбіді. Ал Ж. Ахметбеков өз кезегінде жасөспірімдермен пікірлесу барысында елдің болашағы әрқайсымыздың қолымызда екенін, сондықтан, ең бастысы – мемлекеттің бүгінгі жағдайына, Отанымыздың болашағына немқұрайлы қарамау қажеттігін баса айтып өтті.
Үгіт-насихат сапары барысында президенттіктен үміткер өзі туып-өскен, балалық шағы өткен үйге де атбасын тіреді. Жамбыл Ахметбеков – көп балалы отбасында ержеткен. Әкесі Аужан Жамбыл 7 жаста болғанда дүниеден өтеді. Сөйтіп, ол жастайынан тіршіліктің ащы дәмін татып өседі. Анасы Күлшайраға отбасын бір өзі ғана асырау оңайға түспейді. Сондықтан, Жамбыл отбасының үлкен баласы ретінде еңбекке ерте араласады... Бүгінде Күлшайра апа 83 жасқа толып отыр. Батыр ана. Ақ жаулықты әженің қасында қазіргі таңда оның қызы, Жамбыл Ахметбековтің үлкен әпкесі Сәуле бар екен.
Президенттіктен үміткердің үгіт-насихат тобының құрамында сондай-ақ, Алматыдан арнайы келген әртістер – «Қара жорға» өнер ұжымы болды. Олардың қатысуымен Қорғалжын ауылының мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылды. Концерт бағдарламасы кезінде Жамбыл Ахметбековтің өзі сөз алып, сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттарына тоқталып өтті.
Аталған іс-шара аясында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Владислав Косарев партия шешуге, түйткілін тарқатуға мүдделілік танытып отырған мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары Жамбыл Ахметбековке елдің қарапайым жұмысшыларына моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Ақмола облысы.

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08