15 Наурыз, 2011

Елбасы қабылдады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Г.Марченко Президентке Қа­зақстанның валюта нарығындағы жағдай туралы баяндап берді. Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі 2011 жылдың басынан бері 6 миллиард АҚШ долларын сатып алған. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1,25 пайызға нығайды. – Мұның ақша агрегатының ұлғаюына және инфляцияға ешбір әсері болған жоқ. Аталған жағдай біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі үшін проблема туғызбайды. Себебі, еуро, Ресей рублі, Қытай юані секілді өзге валюталар АҚШ дол­ларына шаққанда едәуір жоғары қарқын­мен нығаюда. Сондық­тан біз Ұлт­тық Банктің бақы­лауымен АҚШ долларына шақ­қанда теңге­ні нығайта аламыз және бұл қа­зақстандық эконо­миканың бәсе­ке­ге қабілеттілігін төмендетуге жол бермейді, – деді Ұлттық Банк төрағасы журналистерге арналған брифинг барысында.