15 Наурыз, 2011

Күн тәртібі бекітілді

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда палатаның биылғы 17 наурызда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі комитеттердің ұсыныстары қаралды. Отырыста «1992 жылғы 23-25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуді және 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте Монреальда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланды. Депутаттар қарауына, сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да ұсынылады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.