Президенттіктен үміткер Ғани Қасымов өткен демалыс күндерінде де тыным таппай, сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Оның штабына күн сайын өз проблемалары мен арыз-шағымдарын айтып ондаған алматылықтар келуде, өздерінің тіршілік түйткілдерін шешу жөнінде көмек көрсетуді сұрауда.
Үміткердің сайлауалды штабы, сонымен бірге, кандидаттың саяси тұғырнамасымен егжей-тегжейлі танысқысы және Патриоттар партиясына өткісі келетіндерді де ықыласпен қарсы алуда. Осы күндерде бес адам оның белсенді жақтаушысына айналды. Солардың ішінде №109 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Нұргүл Жекебаева да бар. «Маған президенттіктен үміткердің мемлекеттік тілді дамыту орайындағы көзқарастары ұнайды. Ол мұғалімдерді, бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғауға үлкен көңіл бөлген», – дейді Н.Жекебаева. Ғани Қасымов өзінің жаңа жақтасына салтанатты жағдайда партия билетін тапсырып, әсем гүл шоғын сыйлады.
Сайлаушылардың көңіл күйін жақсырақ біліп, өз тұғырнамасының арқау-қағидаттарын оларға ұғынықты жеткізу үшін Ғани Есенгелдіұлы қалалықтардың үйлеріне де кіріп шыққанды жөн көрді. Ғанекеңді Әбеновтердің ынтымақты отбасы өз пәтерінде жаймашуақ қарсы алды. Отағасы Дамир Кәрімұлы – республиканың еңбек сіңірген сәулеткері. Ол Медеу мұз айдынын, көптеген тұрғын үй және мейманхана кешендерін, сондай-ақ Алматыдағы, Астанадағы, Түркістандағы, Жаңатастағы бірегей нысандарды жобалауға қатысқан. Оның ұлы Абай да әке жолын қуған сәулеткер екен. Отанасы Ғалия Бейсенбайқызы – профессор, Орталық Азия университеті инженерлік-технологиялық факультетінің деканы.
Шәй үстінде Алматының және еліміздің басқа қалаларының сәулеті, сәулеткер кадрларды даярлау туралы әңгіме өрбіді. Дамир Кәрімұлы отандық талантты мамандардың, әсіресе жастардың шет елге кетіп жатқанына өкініш білдірді.
Ғани Есенгелдіұлы біздің тарихымыздың, руханиятымыздың, тіліміз бен мәдениетіміздің қайнар бұлағы болып табылатын ауылды көтеруді шындап қолға алу қажеттігіне тоқталды. Ол кең-байтақ жерімізде ұжымдық шаруашылықтар құрмайынша, мемлекет қаржысының көмегі берілмейінше ауылды көтеру мүмкін емес деп есептейді. Сол үшін де өңдеуші өнеркәсіпті дамытып, нығайту керек. Жастардың ауылдан кетіп қалмауы үшін жас отбасыларға тегін жер телімдерін беріп, шаруашылық жүргізу үшін пайызсыз несие бөлген абзал.
Ғ.Қасымов бұдан соң қала көшелерінде өз сайлаушыларымен емін-еркін араласып, емен-жарқын әңгімелесті. Жексенбі күні Жібек жолы көшесі бойындағы «Алматы Арбатында» болды. Алматы Арбатында серуендеп жүрген қалалықтар президенттіктен үміткерді танып, амандасып, оған алдағы сайлауда табыс тіледі.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
Алматы.
------------------------------------
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 15:06
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Қоғам • Бүгін, 15:02
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54