16 Наурыз, 2011

Фитнес клуб ашылды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қобда аудандық Мәдениет үйі жанынан ашылған фитнес-клубтың басты ерекшелігі – бірыңғай  әйел­дерге арналғандығында. Фитнес-клуб ашуды бұдан  екі жыл бұрын аудан әкімі Любовь Исмағамбетова ұсын­ған. Игі бастаманың жүзеге асуына аудандық мәдениет және тілдерді да­мыту бөлімінің бастығы Ай­гүл  Жұ­мағұлова мұрындық болды. Спорт-сауықтыру нысаны ашыл­ған күні-ақ 20 әйел клубқа ақысын төлеп, жаттығуға тілек білдірді. Ап­тасына екі рет бір сағаттан өтетін жат­тығуларға ауыл әйелдері ерекше қы­зығушылық  танытып отыр.  Жат­тығу залындағы құралдарды сатып алуға 236 мың теңге қаражат жұм­салған. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.