16 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №6360

412 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 шілде, Астана қаласы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер  тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-Ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі заңына сәйкес бұйырамын: 1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-Ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2940 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында: тақырыптың оң жақ жоғарғы бұрышы «министрлігі» деген сөзден кейін «Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің» деген сөздермен толықтырылсын; «Келесі құжаттар қоса тіркеледі: («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарына сәйкес құжаттар тапсырылады)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Зейнетақы төлемдерін алушы екенімді/емес екенімді ха­барлаймын (қажет емесі сызылып тасталсын) ________________ _____________  (егер болса, төлемінің түрін көрсетсін)». 2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Г. Әбдіқалықова