16 Наурыз, 2011

«Денсаулық жолы» акциясы шалғай ауылдарға шақырады

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы медициналық-санитарлық кө­мектің сапасын жақсартып, шал­ғай­дағы ауыл тұрғындарына дәрігер­лік қызметтің түрін ұлғайту мақ­са­тында «Денсаулық жолы» акциясын ұйымдастырды. Құрамында саламатты өмір сал­тын қалыптастыру орталығының ма­мандары, гинеколог, педиатр, балалар травматолог-ортопеді, фтизиатр си­яқ­ты білікті дәрігерлері бар автокеруен жақында облыстың 10 ауданына екі бағыт бойынша жолға шықты. Сонымен бірге, биыл облыста шал­­ғай ауылдардағы медициналық пункт­тер мен емхана, ауруханаларды және олардың құрал-жабдықтарын жа­ңарту, елді мекендердегі медицина­лық қыз­мет­тің сапасын арттыру ба­ғытында бір­шама оңды істер қолға алынуда. Мысалы, халықтың өмір сүру жа­сын ұзартудың бір шарты – аурудың алдын алып, оны жан-жақты емдеу болып табылады. Міне, осы мақсатта шалғай ауыл тұрғындары аурула­ры­ның алдын алып, диагноздарын дәл қою үшін жақында облысқа 2 жыл­жымалы кешен алынбақ. Оның біреуі – Шу, Меркі аудандары маңындағы тұрғындарға, екіншісі – Сарысу, Талас аудандары елді мекендерінің тұр­ғындарына сапалы қызмет етпек. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20