18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы №903

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 қараша, Астана қаласы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы №794 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерін жетілдіру мақсатында бұйырамын: 1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы №794 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде №5953 тіркелген, 2010 жылы №7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесінде: 6-тармақта «анықтамалықтар» деген сөз сөзін «тізбелер» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) әлеуметтік-психологиялық консультация». 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр  С. ҚАЙЫРБЕКОВА. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6679 болып енгізілді.