18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 421-ө

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 21 желтоқсан, Астана қаласы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеу­меттік көмек көрсету мақсатында және қол­даныстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін бұйырамын: 1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, «Заң газеті» 11.09.2009ж., «Юридическая газета» 11.09.2009 ж. № 138 жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерту енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiнде: 9 тармақтағы «көрсетілген көмек;» деген сөздерден кейін ««Бота» Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдем­ақы»;»; деген сөздермен толықтырылсын; 25 тармақтың екінші абзацындағы «түзете алады» деген сөздер «түзетеді» деген сөзбен өзгертілсін. 2. Әлеуметтiк көмек департаментi (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Г. ӘБДІҚАЛЫҚОВА. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі __________________А. КҮРІШБАЕВ 30 желтоқсан 2010 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің төрағасы ________________А. СМАИЛОВ 27 желтоқсан 2010 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6735 болып енгізілді.