Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің православие дінін ұстанушы азаматтарын және барлық қазақстандықтарды жарқын мереке – Рождествомен құттықтайды! Рождество мерекесі біздің қазақстандық рухани құндылықтарымыздың бағасын асырып, олардан нәр алуға бастайды. Рухани байлық әр кезде де Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, қуат беріп, әр азаматты игілікті істерге, жеңістер мен жасампаз еңбекке бастаған. Рождество, қазақстандықтардың діни немесе этностық шығу тегіне қарамастан, баршаға түсінікті мереке. Бұл елімізді мекен еткен конфессиялар мен этностар арасындағы достық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі. Бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісінің жүзеге асырылуының нәтижесі.Қымбатты жерлестер!
Рождество мерекесі сіздер және отбасыларыңыз үшін сыйластықтың, сүйіспеншілік пен өзара түсіністіктің мерекесіне айналсын! Ақ ниетті асыл армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен береке, татулық пен мейірімділік тілейміз!