07 Қаңтар, 2017

Алматыда 9 қаңтарда мембағдарлама үйлеріне құжат қабылдау басталады

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасының «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы 2017 жылдың 9-11 қаңтары аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайды. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы сайтында хабарланды. Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ арқылы Алматы қаласы Алатау ауданының «Ақбұлақ» ықшам ауданында орналасқан 16 (бір бөлмелі - 8, екі бөлмелі - 8) дайын пәтерлерді сату жоспарланған. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша - жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: - көп балалы отбасылар; - толық емес отбасылар; - мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - оралмандар; - мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi; - 1 және 2-ші топтағы мүгедектер. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ - жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ - 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар. Бөлінетін тұрғын үй нормалары: 1-кіші топ қатысушылары үшін - 50 % ; 2-кіші топ қатысушылары үшін - 50 %. Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау; 2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.