07 Қаңтар, 2017

"Аялаған Астана" байқауына өтінім қабылдау басталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада «Аялаған Астана - 2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін байқау «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Байқауға республика тарапынан 7 мен 13 жас аралығындағы әнші балалар шақырылады. Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Айта кетейік, алғаш рет «Аялаған Астана» байқауы 2013 жылы Астана қаласының 15-жылдығына аясында өткізілді. Байқаудың басты мақсаты республика бойынша жас дарынды әншілерді тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы «Детская Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Соңғы жаңалықтар