07 Қаңтар, 2017

Сауданың азаюынан Apple басшылығының жалақысы кесілуде

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple корпорациясының басшысы Тим Кук биыл 8,85 млн доллар көлемінде жалақы мен бонус алды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,55 млн долларға кем, деп жазады BBC.

Компания басшылығының жалақылары мен бонустары биылғы жылдың саудасы азайып, табыстың аз түсуіне байланысты қысқартылған.

Алайда, Тим Кук биыл компания акцияларынан қосымша 136 млн доллар табыс тапқан.

Apple-дың қаржы директоры Лука Маэстри мен көтерме сауда бойынша аға вице-президенті Ангела Арендтс 23 млн доллар көлемінде жылдық жалақы алды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 млн долларға кем.

2016 жылы компанияның таза табысы 215,6 млрд долларды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,7% аз.