Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде тұрақсыз күн райы күтіледі, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей аумақтарында көктайғақ байқалады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа артады, түнде кей жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында жаяу бұрқасын байқалады.
Қызылорда, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде тұман күтіледі.