08 Қаңтар, 2017

Еуропа елдерінде қатты аяздан ондаған адам қайтыс болды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ayaz-piter-era

Фото ЕРА

Осы аптаның демалыс күндері Еуропаның көптеген қалалары мен Солтүстік Америкада қалың қар түсіп, күн ерекше суытты. Соның салдарынан кей жерлерде электр қуаты сөніп, көптеген жол-көлік оқиғалары болды, мыңдаған әуе рейстері кейінге шегерілді. Бұл туралы ВВС хабарлайды. avariya-ar

Қалың қар, қатты аяз және көктайғақ көптеген төтенше оқиғаларға себеп болуды, фото АР

Скандинавиядан келген суық ауа массалары туғызған қатты аяздан әсіресе Еуропа елдерінің тұрғындары зардап шегуде. Қаңтардың басынан бері құрлықта 20-дан аса адам үсіп өлді. Олардың көбі мигранттар мен баспанасыздар. 20 градус аяз түскен Польшада 10 адам, қалың қар жауып жатқан Италияда 7 адам қайтыс болды. Германияның оңтүстігіндегі таулы аудандарда температура 26 градусқа төмендеді. Ыстанбұлда 40 см қар жауды. Бірнеше күннен бері Түркияда қатты аяз бен қарлы боран бар. stambul-ayaz-afp

Ыстанбұл, фото AFP

Мәскеуде сенбіден жексенбіге қараған түні 30 градус аяз болды. Метеорологтардың мәліметі бойынша, мұндай аяз Ресей астанасында 120 жылдан бері болмаған. Болжам бойынша, бүгін Мәскеуде күн бұдан да суытады. Осыған байланысты қала басшылығы қауіптің қызғылт-сары деңгейін енгізіп отыр. maskeu-ayaz-era

Мәскеудің өзінде 33, ал Мәскеу облысында 33 градус аяз, фото ЕРА