Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» тұрғын-үй кешеніндегі көп қабатты үйдің терезесінен 7 жасар бала құлап кетіп, қайтыс болды.
Қаңтардың 7-сі күні кешкісін болған қайғылы оқиға жайлы Фейсбукте Dudar Tazsha деген қолданушы жазды. Тенгриньюстің хабарлауы бойынша, мұндай жағдайдың болғанын Алматы облысы ІІД растады.
Аталған әлеуметтік қолданушысы өзінің постында былай деп жазады: «Көз алдымда 7-қабаттан бала құлап кетті. Өтіп бара жатқам, бала алдыма, асфальттың үстіне түсті. Не істерімді білмей қалдым. Айғай салдым, жедел жәрдем шақырдым. Жасанды жолмен дем беру керек пе, оны да білмедім. Баланың мұрнынан қан ақты, көзін ашты, сәл ғана қозғалды, болды. Зәрем қалмай 7-қабатқа жүгіріп шықтым, есіктерді қағып, кімнің үйінде бала бар екенін сұрап айғайладым. Шешесі есікті ашып, кішкентай бала бар, бірақ ол асүйде ойнап жүр деді. Сөйтті де асүйге барды – терезе ашық, ал бала жоқ. Ол шыңғыра бастады, қолы дірілдеп кетті. Астыға бірге түстік. Әйелді ұстап тұрды. Жедел жәрдем келді, бірақ баланы құтқара алмады. Жылап тұрмын».
Мәліметтер бойынша бала 2015 жылы туған. Құқық қорғау органдары құызметкерлері оқиға бойынша тергеу-тексеру жүргізіп жатыр.