09 Қаңтар, 2017

50 жыл бұрынғы жазылған хат

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1483606302_img_0031Ақтаудағы гума­ни­тарлық колледждің алдындағы автобус аялдамасы жанын­да қоңыр түсті мәр­мәрмен қап­тал­ған стела тұр. Үш бүйірлі сте­ла­­ның бір жағын­да «2017 жыл­ғы ұр­­­пақтарға Маң­­ғы­шлақ­ты игеру­ші­лерден» деген жазу болса, екінші жа­ғын­да «7 қараша 1967 жыл» деп белгінің қойылған уақыты мен «7 қараша 2017 жыл» деп ашылатын уақыты жазылып, үшінші жағына орақ пен балға суреті белгіленген. Бұл стела 1967 жылы қараша айында, сол кезде тойланған «Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығы» мерекесі кезінде қойылған екен. Жарты ғасыр бұрын болған жайттың куәгері – сол кездері  Шевченко қалалық атқару комитеті халық депутаттар кеңесі сауда және шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болған Людмила Мухортова «Шевченко қалалық атқару комитеті көтерген бастама қолдау тауып, шара Социалистік Еңбек Ерлері, өндіріс озаттары, мұнайшылар,  мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен  салтанатты жағдайда өткізілді», дейді. 2017 жылғы буынға хат жазылған ұзындығы жарты метрлік капсуланы №1 орта мектептің оқу озаттары – Артур Камалиденов пен Марина Остапенко салған. Людмила Николаевна стеланың ашылуын жергілікті әкімдіктің назардан тыс қалдырмай, көзі тірі куәгерлерді шақырып, салтанатты жағдайда ашып, хатты жас буынға оқып бергенін қалайды.  Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы