АТР рейтингінде екінші тұрған серб теннисшісі Новак Джокович Қатар астанасы Дохада өткен турнирде топ жарды.
Жүлде қоры 1 237 190 АҚШ долларын құрайтын жарыстың финалында серб теннисшісі әлемнің біріншісі ракеткасы британдық Энди Маррейден 6:3, 5:7, 6:4 есебімен басым түсті.
Соңғы рет екі теннисші былтыр қараша айында Лондонда өткен турнирде кездескен болатын. Онда Маррейдің бағы жанған еді. Бұл жолы серб теннисшісі есе қайтарды. Осылайша, 2 сағат 54 минутқа созылған матчта басымдық танытқан Джокович АТР рейтингісі бойынша 150 ұпай еншілеп, өзіне тиесілі 209 665 долларды қалтаға басты. Ал финалға дейін жеткен Маррейдің (100 ұпай) қоржыны 110 420 долларға ұлғайды.
Бұған дейін қос шебер өзара 35 рет кездескен екен. Соның 24-інде Джокович басымдық танытса, қалған 11 кездесуде Маррейдің мерейі үстем болған.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан»

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше