09 Қаңтар, 2017

Бизнес өкілдерімен кездесті

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаттары С.Өтебаев, С.Қаныбек, Қ.Ержан, Б.Мәкен және М.Бопазов Маңғыстауда алдымен Құрық паром кешені құрылысының жағдайымен танысты.   Желтоқсанда порттың бірін­ші көтеру-өткізу көпірі өн­дірістік сынақтан өтіп, вагон­дардың кемеге тиелу жолы тек­се­рілді. Осы айдың соңына таман оларды іске қосу жоспары орын­далса, бұл – порт су көлік­терін қабылдай бастай­ды деген сөз. Мұнан соң портта екін­­ші көтеру-өткізу көпірі мен жүк көліктері жүретін бөлік­тің құ­рылысы қолға алынады. Елдегі ең ірі көліктік-логис­­тикалық инфрақұрылым жобасымен танысқан депутаттар кешен құрылысын уақытында абы­роймен аяқтауды тапсырды. Мәжіліс депутаттары Ақтау – Жетібай тасжолы құрылысымен танысып, «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелерімен, қалалық мәслихат депутаттарымен жүздесті. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнес өкілдерін қабылдап, сауалдарына жауап берді. Назарбаев зияткерлік мектебінде ұжыммен кездесті. Маңғыстаулықтарды тың­даған депутаттар күрмеуі қиын мәселенің жоқтығын, әйт­се де өздерін толғандырған қан­дай да бір сұрақтармен арнайы сайт арқылы хабарласуға бола­тындығын, өздерінің мүмкін­ді­гінше мәселені шешуге атса­лы­суға әзір екендіктерін жеткізді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы