09 Қаңтар, 2017

Ардагерлермен ашық-жарқын әңгіме

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
deputattar1«Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалы ғимаратында Пар­ламент Мәжілісінің депу­таттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Глеб Ще­гельский, Құралай Қара­кен және Абай Тас­болатов облыс арда­герлерімен кездесті. Кездесуді қысқаша сөз сөйлеп ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстармен таныстыра келіп, аумақтың әлеуметтік-эко­­номикалық даму көрсет­кіш­теріне кеңінен тоқталды. Содан кейін мәжілісмен Б.Із­мұхамбетов сөз алып, жұмыс сапарының мақсаты, Парламент Мә­жі­лісінің жұ­мысы туралы жан-жақты баян­дады. Ол ел тәуел­сіз­ді­гінің 25 жылында қол жет­кен табыс­­тарымызды Елбасы Н.Назарбаев­тың сарабдал сая­­са­­тымен са­бақ­тастыра әң­гі­­меледі. Жиында сөз сөйлеген об­лыстық ардагерлер кеңе­сі­нің төрағасы Кеңес Бір­манов өңірде 85951 ардагер тұ­ратынын, олардың 101-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 1022-сі соғыс арда­геріне те­ңес­тірілгендер, 8027-сі тыл ардагері екенін жеткізді. Олар­дың облыстық, бір қалалық, он екі аудандық ар­дагерлер кеңестеріне бірік­тірілгенін, 317 бастауыш ұйым жұмыс істейтінін атап өтті.   Оның айтуынша, өткен жылы ардагерлерге жәрдемақыға облыс бо­йынша  жергілікті бюджеттен 270 миллион теңге бөлінген. Өңірге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары ал­дағы күндері қаланың бір­қа­тар еңбек  ұжымдарында,  Қар­­­ғалы, Мәртөк, Мұғалжар және бас­қа аудандарда болып, жұрт­­шы­лықпен жүздеседі деп күтілуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»  АҚТӨБЕ Суретті түсірген Максим ТОКАРЬ