09 Қаңтар, 2017

9 қаңтарға арналған ауа райы

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
9 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде  ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады.  Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел  күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман,  15-20 м/с екпінде жел болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Атырау облысының жекелеген жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, түнде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде жаяу бұрқасын жүреді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады, кей жерлерді тұман басады. Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағаңды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, түнде Манғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.