09 Қаңтар, 2017

Иранның бұрынғы президенті Рафсанджани 82 жасында қайтыс болды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

_93315579_037166940-1

1989-1997 жылдары Иранның президенті болған Али Хашеми Рафсанджани 82 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады ВВС. Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, ол жүрек талмасына ұшыраған. Рафсанджани өзі президент болған уақытта Батыспен қарым-қатынасты нығайтуға тырысты.

Рафсанджани өмірінің соңғы жылдары Саяси мақсаттылықты анықтау кеңесінің басшысы болды. Бұл ұйым Иранның бірпалаталы парламенті - Мәжіліс пен Конституциялық сот қызметін атқаратын парламент қарамағындағы арнайы орган - Конституция сақшылары арасындағы дауларды шешумен айналысады. Құрамына 12 мүше кіретін аталған Кеңес 2013 жылы Рафсанджаниге президент сайлауына түсуге тыйым салған болатын. Ал 2005, 2009 жылдары президент сайлауында жеңілгенімен, Рафсанджани саяси тұлға ретінде беделін сақтап қалды.

Иран телеарналарының айтуынша, ол Ирандағы азаматтық және саяси бостандықты жақтап, саяси тұтқындарды азат етуге бар күшін жұмсаған.

Рафсанджани 1979 жылы Ислам революциясының көшбасшысы - Хомейнидің жақын серіктесі болған. Иракпен соғыс уақытында елдің әскери қолбасшыларының қатарында болған ол Иран экономикасы әлсірегенін алға тартып Хомейниді Иракпен бейбіт қарым-қатынас орнатуға көндірген.