09 Қаңтар, 2017

Елордада джиу-джитсудан халықаралық турнир өтеді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
astana Астана қаласында 27-29 қаңтар аралығында джиу-джитсудан Халықаралық рейтингтік «Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi» турнирі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауы бойынша сайысқа 16 жастан асқан барлық ерікті қатыса алады. Жекпе-жектер 10 салмақ дәрежесінде өтеді. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2017» турниріне жолдама беріледі.