09 Қаңтар, 2017

"Астана-Щучинск" тас жолының жылдық табысы - 1 млрд теңге

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана-Щучинск» ақылы автожолының бір жылдағы табысы - 1 млрд теңге. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Астана-Щучинск» ақылы автожолы арқылы ұйым жыл сайын 1 млрд 100 млн теңге көлемінде пайда табады. Осы уақытқа дейін ақылы атвожолдан түскен табыс 3 млрд 200 млн теңгені құрады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Компанияның хабарлауынша, жолды жөндеуге, жолды тазалап, төлем жүйесін жақсартуға осы қаражаттан ақша тартылады. Мысалы, жолды қыста қардан тазалауға 54 техника жұмылдырылады. Ал, жол апаты болса, тас жолдағы медициналық-құқару пунктерінің қызметкерлері көмекке келеді. Қазақстандағы осындай 40 пунктің әрқайсысы тиісті құралдармен жабдықталған. «Жуық арада Астана-Щучинск» тас жолымен жүру ақысын өсіру жоспарда жоқ», - деп атап өтті агенттіктің ресми сұрағына жауап берген компания.