Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын инновациялау мақсатында ғылыми жобалар әзірлеп, өндіріске ендіріп отыратын ғылыми-зерттеу институты ашылған. Олар Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми жобалар грантын жеңіп алған еді. Қазір осының есебінен «Шұбаттың негізінде дәрілік сығындылармен үйлескен жаңа қышқылды сүт биопрепаратын алудың технологиясын зерттеп, өңдеу» атты ғылыми жұмыс жүзеге асып отыр.
Халық медицинаcында емдік қасиеті бар сүт өнімдерінің қатарында түйе сүті де бар. Институт базасында өндіріліп жатқан шұбат өнімдері негізінен пастерленіп алынуда. Бұл сүттің құрамындағы биологиялық құнды заттар мен дәрумендерді табиғи қалпында сақтап, маңызын жоғалтпауға мүмкіндік береді.
Төрт түліктің ішінде бие сүтінен басқасының бәрі де пісіруді қажет етеді. Піспеген сүт өнімдері басқа аурулардың таралуына негіз болады. Түйе ауру болса, одан алынатын шұбатты тұтыну қауіпті. Осы себепті ғалымдар инфекция туғызатын микроорганизмдердің жойылуын қатаң қадағалауға алған, сонымен қатар жаңа өнімнің сақталу мерзімі де ұзартылған. Түйе сүтінің ақуызында емдік антиоксидантты, иммунды реттеуші қасиеттерге ие иммуноглобулин мен лактоферриннің бар болуы, міне, осындай биопрепарат шығаруға негіз болып отыр.
Дәлел ретінде айтар болсақ, университет клиникасында қант диабетімен тіркелген бірқатар науқастарға осы жоба шеңберінде дайындалып жатқан қышқылды сүт өнімін биоқоспа түрінде қолданғанда, науқастардың ағзасындағы қант мөлшері төмендеп, емделушілердің иммундық жүйелерінің қызметі жоғарылағандығы байқалды. Препараттың басқа ағзаларға кері әсері болған жоқ. Аталған көрсеткіштер тәжірибелік зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерімен дәлелденді. Бұл түйе сүтінің тиімділігімен қатар, адам ағзасын ауруға шалдықтыратын бактерия мен вирустардан, түрлі асқынулардан қорғап, кері әсерін тигізбейтін, қант диабетінің алдын алуға және қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу мақсатында қолдануға болатынын дәлелдеп берді. Биопрепарат шұбаттың емдік қасиетін арттырып, қант деңгейін төмендету қасиетіне ие.
Бүгінгі таңда Түркістандағы медициналық ғылыми-зерттеу институты С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен, Қазақ тағамтану академиясымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Жоба зерттеулерінің нәтижесінде ғылыми семинарлар ұйымдастырылып, талқыланған мәселелер жайындағы мәліметтер Түркияның, басқа да шет мемлекеттердің ғылыми басылымдарына ұсынылды. Бүгінде «Шұбат негізінде әзірленген «Инуллакт-Фито» емдік-профилактикалық биойогурты» атты өнертабыстық жаңалық патент алу үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына жіберілді.
Ғалымдардың ендігі мақсаты – сатылымға дейінгі шұбаттың негізінде дәрілік сығындылармен үйлескен қант диабетіне қарсы қышқылды сүт биопрепаратын алудың технологиясын зерттеп, өңдеп, биоөнім ретінде жаппай шығаруды қолға алу. Ол үшін Түркістанда түйе шаруашылығын кеңінен дамытуға барынша мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен және аппараттармен жабдықталған виварий қажет.
Бекжігіт СЕРДӘЛІ
ТҮРКІСТАН

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25