БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында Қазақстан Президентінің Саяси үндеуі таныстырылды
2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты, осы пікірталастар аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты Саяси үндеуін таныстырып өтті. Нью-Йорк қаласында өткен шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ұлыбритания, Италия, Латвия, Польша, Франция, Нидерланд, Украина, Швеция, Эфиопия және Жапонияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары және сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Ресей, Қытай, АҚШ және БҰҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері қатысты. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және БҰҰ елдерінің өкілдері пікірталастар барысында шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау саласындағы өздерінің ұлттық басымдықтары туралы мәлімдеді, сондай-ақ бүкіләлемдік ұйым қызметінің осы басымдықты бағыттары бойынша жаңа Бас хатшының жұмысына қолдау білдірді. Пікірталастар барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі 2017-2018 жылдар кезеңінде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан өкілеттіктерінің басталуына орай Мемлекет басшысының Саяси үндеуін жариялады. Қ.Әбдірахманов бұл Үндеудің Мемлекет басшысының 2016 жылғы 31 наурыздағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің қағидаттарына негізделетіндігін және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсетті. Президент Н.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясында ұсынылған бағдарламалық құжатының БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына қарсы ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты қамтамасыз ете отырып, ғаламшарды соғыстар мен шиеленістерден арылту ісінде күш-жігерді біріктіру және ынтымақтасу қажеттігіне баса назар аударғандығы белгілі. Үндеуде атап көрсетілгендей, «Қазақстан Кеңесте бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудың бірінші кезектегі маңыздылығын негізге ала отырып, оның бүкіл күн тәртібі бойынша әділ және ашық жұмыс істейтін болады». Н.Назарбаевтың айтуынша, Астана «Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен тең құқылы негізде ынтымақтаса жұмыс істеуге, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға қол жеткізіп, бәтуаластықтың қалыптасуына септігін тигізуге ниетті». Осыған орай, Үндеуде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан жұмысының басымдықтары атап көрсетілді. Олардың қатарында ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбітшіліктің өңірлік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция (желі) құру, Африканың бейбіт дамуына жәрдемдесу, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілету, БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерік-жігерді нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ҚК-ге мүше мемлекеттердің тұрақты кездесулер тетігін келісу бар. Мемлекет басшысы өз Үндеуінде атап көрсеткендей, «Қазақстан Кеңесте барлық мүше елдермен аталған басымдықты бағыттар бойынша ашық, әділ және саяси жағдаятсыз, жауапты, салмақты және сындарлы түрде жұмыс істеуге ниетті». Осыған орай, құжатта «Қазақстанның маңызды мақсатқа – ХХІ ғасырда әлемді қауіпсіз, әділ және өркендеген әлемге айналдыру мақсатына қол жеткізу жөніндегі өз бастамаларына әріптестерінің тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сенім білдіретіндігі» айтылады. Қазақстандық тарап сондай-ақ, пікірталас қатысушыларының назарын превентивті дипломатиядағы, сенім шараларын ілгерілету мен нығайтудағы, жаппай қырып-жою қаруларын таратпаудағы, дау-жанжалдарды реттеудегі және халықаралық лаңкестікке қарсы әрекет етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығына аударды. Қазақстан басшылығының Астанада Сирияда бейбітшілік орнату бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екендігі тағы да атап көрсетілді. Қазақстан Президентінің Үндеуі отырыс қатысушыларының жоғары бағасына ие болды. Бұдан басқа, оны БҰҰ ҚК ресми құжаты ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Нью-Йоркке сапары барысында Қ.Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерришпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі бағдарламасының өзекті мәселелері мен Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының көп қырлы күн тәртібі талқыланды.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10