Жиырма бес жыл аралығында тәуелсіздік тұғырын берік орнықтырған Қазақстан білім саясатына әрдайым басым бағыт беріп келеді. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да білім саласына қатысты нақты тапсырмалар береді. Өйткені ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелейтін құдыретті күш – білім. «Заманауи әлемде елдің қуаты алдымен, азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны», деген Мемлекет басшысының сөзі өмір бойы өзекті болып қала бермек.
1991 жылы еліміз егемендігін алып, бодандықтан босап, азаттыққа қол жеткізіп, Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы мен де еңбек жолымды бастадым. Халық мүддесі мен қоғамның талабына сай 25 жыл педагогикалық қызмет атқарып келемін. Бұл, әрине, нағыз жалынды жастың жасымен пара-пар уақыт. Дегенмен, өзімді түлетіп, үлкен өмірге ұшырған №188 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып кіргенім кеше ғана сияқты еді. Еңбек – адамды әрқашан алға жетелейді. Талмай іздену мен үлкен еңбектің арқасында Жалағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері, №114, №32 мектептерінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2005 жылдан бері М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде педагогика пәнінен сабақ беремін. Жоғары санатты оқытушы, педагогика магистрімін. Біздің колледж – кәсіптік білімнің негізін қалайтын, елімізге қажетті мамандарды даярлайтын беделді оқу орындарының бірі.
Менің пайымдауымша, оқушы мен мұғалім әрекеттерінің мақсаты мазмұны өзара үйлесіп, табысқа жету, тұтас бір жүйеге айналу дегенді білдіреді. Бар мақсатым – балаларға педагогикадан сапалы білім, жан-жақты тәрбие беру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», деп Әбу Насыр Әл Фараби айтқан нақыл сөзді өзімнің ұстаздық жұмысымда үнемі назарда ұстаймын. Қазіргі құбылмалы заманда тәрбиеге басты назарды отбасында да, оқу орнында да аудару керек. Ұстаз баланың екінші ата-анасы, болашаққа жөн сілтер ақылшысы, оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі, білімі мен ақыл-ойының қуаты талай тентекті жуасытып, тәртіпке баулып, есейтіп, ер жеткізген. «Қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім берілетін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейсе, ол бүкіл халыққа әсер ете алады», деп кезінде Ы.Алтынсарин айтқан. Міне, осы айтылған сөз бәрімізді ойлантса керек.
Оқытушы еңбегінің шыңы оқушылар жетістігінде екені белгілі. Осы жылдар аралығында республикалық «Жас ғалым» оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында шәкіртім Гүлзира Батышева «Ғылымға деген құштарлығы» бағыты бойынша ғылыми жобасымен қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Жас зерттеуші» атты республикалық зияткерлік турнирінде Сезім Бисенбай «Ғылымға алғашқы қадам» бағыты бойынша ІІ орын алса, «Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты облыстық ғылыми жоба байқауында Серік Нұрлыбек жеңімпаздар қатарынан көрінді. Шәкіртінің бұл сияқты биік белестен көрінгені – ұстаз еңбегінің еш кетпегені. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында бар. Біздің міндет – оқушы бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу.
Гүлжайна ӘБИЕВА,
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің педагогика пәні оқытушысы

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30