11 Қаңтар, 2017

Ауа райының қолайсыздығынан Алматы облысындағы жолдар жабылды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін бұрқасын салдарынан Алматы облысының жолдарына шектеулер енгізілді. «Қазақавтожол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында «Үшарал-Достық» 83-184 шақырымдар, Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығы; «Сарыөзек-Көктал» 40-80 шақырымдар, Қоғалы ауылынан Басши ауылына дейінгі аралығында барлық автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. «Қазір аталған аумақтарға 7 дана жол-эксплуатациялық қысқы техника мен «Қазақавтожол» облыстық филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.