11 Қаңтар, 2017

Теңгенің бағамы жаңа жыл алдындағы деңгейге қайта түсті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен таңғы 10:00-де Брент маркалы мұнайдың бағасы барреліне 53,50 доллар шамасында болды. Кеше 54 доллардан асқан қара алтын бүгін түнде күрт арзандап, қазір қайта көтеріле бастағандай. Жалпы, шикізаттың бүгінгі бүгінгі бағасы желтоқсанның бірінші жартысындағы деңгейде. Бағаның бұлай түсуіне сеп болған АҚШ мұнай институтының апталық мәлімдемесі, дейді трейдерлер. Сонымен қатар ОПЕК+ келісімінің толығымен іске асыуына нарықтың күмәнмен қарауы да бағаны төмен тартып отыр. Өз кезегінде доллардың да теңгеге шаққандағы бағамы 333,94 ке жетіп, жыл басынан бергі ең қымбат нүктеге жетіп отыр.